Saudia Airlines ұшқышы лайнерді белгісіз біреулердің ұшырып алып кеткенін хабарлады - БАҚ

20 Қыркүйек 2016, 15:25
0
Saudia Airlines ұшқышы лайнерді белгісіз біреулердің ұшырып алып кеткенін хабарлады - БАҚ - © Twitter
© Twitter

Saudia Airlines әуекомпаниясының ұшқышы Филипиндағы Манила әуежайына қону алдында жедел көмек сұрады. Лайнерді біреулердің ұшырып әкетуі мүмкін, - деп хабарлайды "Синхуа" агенттігі жергілікті ақпарат құралдарына сілтеме жасап. 

БАҚ өкілдерінің мәліметінше, ұшқыш көмек сұраған кезде жедел кодты қолданған. Ол ұшақтың ұшырылып кеткенін білдіруі мүмкін. Ал ABS CBN телеарнасының мәліметінше, Манила әуежайында ұшақты біреулердің алып кетуі мүмкін туралы хабарламадан кейін онда арнайы бөлімшенің полицейлері барған. 

Алайда "Аль-Ахбария" телеарнасының тілшілері ұшақты біреудің алып кетуі мүмкін деген ақпараттың жалған екенін айтады. "Манила әуежайында Saudia Airlines ұшағын біреулердің ұшырып кеткені туралы жалған хабарлама келіп түсті", - деді әуе компаниясындағылар. Сондай-ақ, Манила әуежайындағы төтенше жағдайдың алынып тасталғаны айтылады.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай