09 наурыз 2014 13:43

Шакира Колумбияда 10 миллион долларға мектеп тұрғызды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шакира. Фото REUTERS/Denis Balibouse© Шакира. Фото REUTERS/Denis Balibouse©

Әлемге әйгілі поп-жұлдыз Шакира Колумбияда 10 миллион АҚШ долларына мектеп салғызды, деп хабарлайды AFP. Мектеп елдің солтүстік жағалауындағы Картахена-де-Индиас деп аталатын кедейлер ауданында Шакираның Shoeless Foundation атты қайырымдылық қорының қаражатына салынған. Аумағы сегіз мың шаршы метрді құрайтың оқу ордасына 1700 оқушы сыяды. Shoeless Foundation қоры басшысының айтуынша, бұл мектепте бес мыңға жуық бала түрлі спорттық және шығармашылық үйірмелерге қатыса алады. Шакира Shoeless Foundation қорын 1997 жылы құрған болатын. Мекеменің негізгі мақсаты - Колумбия және Латын Америкасындағы аз қамтылған отбасылардың балаларына арналған мектептерге демеушілік көрсету. 2010 жылы Шакира жағдайы төмен отбасылардан шыққан балаларға көрсеткен көпжылдық еңбегі үшін Халықаралық еңбек ұйымының медалімен марапатталған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети