21 сәуір 2019 15:45

Шри-Ланкада тағы екі жарылыс болды - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

© AFP 2019/Ishara S. Kodikara © AFP 2019/Ishara S. Kodikara

Шри-Ланкада тағы екі жарылыс болды, - деп хабарлайды РИА Новости жергілікті БАҚ өкілдеріне сілтеме жасап. 


Шри-Ланкада тағы екі жарылыс болды, - деп хабарлайды РИА Новости жергілікті БАҚ өкілдеріне сілтеме жасап. 

БАҚ мәліметінше, жетінші жарылыс Шри-Ланканың батыс бөлігінде орналасқан Дехивала қаласындағы зоологиялық бақ маңында болған. Жарылыс салдарынан екі адам қаза тапты, бірнеше адам зардап шекті. News 1st телеарнасының мәліметінше, сегізінші жарылыс Коломбо қаласының маңындағы Дематагода қалашығындағы тұрғын үй кешенінде болған. 

БАҚ мәліметінше, Шри-Ланкада жарылыстар салдарынан қаза тапқандар саны 185 адамға жеткен. 

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі жарылыс салдарынан қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ екенін мәлімдеді. 

"Бүгін Шри-Ланканың астанасы Коломбо қаласында бірқатар бесжұлдызды қонақ үйлерінде үш жарылыс болды. (...) Шри-Ланка Ішкі істер министрлігінің біздің дипломаттарымызға берген алдын-ала ақпаратына сәйкес, қаза болғандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ", - делінген баспасөз хабарламасында. 

Еске салайық, 21 сәуірде Шри-ланкада католиктер шіркеуінде пасха мерекесін тойлау кезінде және Коломбо қонақ үйінде және елдің басқа да бөліктерінде алты жарылыс болды. Жергілікті News 1st телеарнасының мәліметінше, қаза тапқандар саны 160-тан асқан, ал 360 адам зардап шеккен. Шри-Ланка үкіметі жедел отырыс жасады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети