Бейсенбіде Шри-Ланка астанасы Коломбодан 40 шақырым жерде орналасқан Пугода ауданында жарылыс болды, - деп хабарлайды РИА Новости News 1st телеарнасына сілтеме жасап.
Бейсенбіде Шри-Ланка астанасы Коломбодан 40 шақырым жерде орналасқан Пугода ауданында жарылыс болды, - деп хабарлайды РИА Новости News 1st телеарнасына сілтеме жасап.
Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы әзірге мәлімет жоқ. Құқық қорғау органдары болған жағдайға қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Бас-аяғы осы бір аптаның ішінде Шри-Ланкада тоғыз жарылыс болды. Соңғы мәліметтер бойынша, Шри-Ланкада болған жарылыстан қаза тапқандардың саны 359 адамға жеткен.
Бұл жарылыстарды "Ислам мемлекеті" террористік тобы өз мойынына алды, алайда олар аралдағы жарылыстарға қатысы бар бірде-бір дәлел келтірмеген.
Шамамен 100-ден аса адам күдікті ретінде ұсталды. Бұл жарылыстарға 9 жанкешті лаңкес қатысқан, оның сегізінің кім екендері анықталған.
Еске салайық, 21 сәуірде Шри-Ланкада екі жарылыс болған еді. Кейінірек Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі жарылыс салдарынан қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ екенін мәлімдеген болатын.