24 ақпан 2014 22:22

Шварценеггер Украина халқын жеңісімен құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Голливудтық актер және Калифорния штатының бұрынғы губернаторы Арнольд Шварценеггер Украина халқын жеңісімен құттықтады" деп хабарлайды Tengrinews.kz. "Украина халқына құттықтау. Бұл кең ауқымда әсер етудің тамаша мысалы болды. Сіздер болашақтарыңызды таңдағанда, менің ойым сіздермен бірге» деп жазады өзінің Twitter парақшасында Шварценеггер. Бұған дейін актер "Евромайдан" қатысушыларын жақтаған бейнеүндеуін жариялаған болатын (бейнеролик Виталий және Владимир Кличколардың YouTube-тегі арнайы каналында жарияланған). "Бұл Украина азаматтарына жолдау. Оларға демократияға жету жолындағы күресте сәттілік, бостандық және бейбітшілік тілейтінімді білсін» дейді бейнеүндеуде Шварценеггер. Бұған дейін Галивуд актері Джордж Клунидің де "Евромайданды" қолдағанын атап өткен жөн. Естеріңізге сала кетсек, 2013 жылы 21 қарашада Украина Еуроодақпен бірлесуге қатысты келісімге қол қоюға дайындық процесін тоқтатқан болатын. Биліктің бұл әрекеті шеруге себеп болды. 80 адам тәртіпсіздік құрбанына айналды. 21 ақпанда Украина президенті Виктор Янукович пен оппозиция көшбасшылары мезгілінен бұрын президент сайлауын өткізу, 2004 жылғы конституцияны қалпына келтіру туралы келісімге қол қойды. 22 ақпанда Украина Жоғарғы Радасы Януковичті қызметінен кетіріп, экс-премьер Юлия Тимошенконы бостандыққа шығарды. Тимошенко өзінің сайлауға қатысатынын мәлімдеді. Ал, Януковичтің қайда екені қазірге беймәлім.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети