Си Цзиньпин Трамппен кездесуінде “Фукидид тұзағы“ туралы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Си Цзиньпин Трамппен кездесуінде “Фукидид тұзағы“ туралы айтты Фото:depositphotos.com

ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Бейжіңде АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесуі барысында екі ел арасындағы қарым-қатынаста "Фукидид тұзағына" түспеудің маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі CNN-ге сілтеме жасап.


ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Бейжіңде АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесуі барысында екі ел арасындағы қарым-қатынаста "Фукидид тұзағына" түспеудің маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі CNN-ге сілтеме жасап.

Си Цзиньпин не деді?

Қытай көшбасшысы әлемнің терең өзгерістер мен "турбуленттілік" кезеңін бастан кешіріп жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, Бейжің мен Вашингтонның жаһандық сын-қатерлерге төтеп беру және ірі державалар арасындағы қарым-қатынастың жаңа моделін құру қабілеті екі елдің ынтымақтастығына тікелей байланысты.

"Қытай мен АҚШ "Фукидид тұзағы" деп аталатын кедергіні еңсеріп, ұлы державалар арасындағы қарым-қатынастың жаңа моделін құра ала ма... бұл - тарихтың, әлемнің және халықтардың алдында тұрған мәселелер", - деді Си Цзиньпин.

Анықтама: Фукидид тұзағы - американдық саясаттанушы Грэхам Аллисон танымал еткен термин. Ол жаңадан күшейіп келе жатқан державаның бщұрыннан келе жатқан ұлы державаны халықаралық гегемон ретінде ығыстыру қаупі туындаған кездегі соғысқа бейімділік тенденциясын сипаттайды.

Қытай мен АҚШ қарым-қатынасы

ҚХР төрағасы Қытай мен АҚШ-тың ортақ мүддесі барлық қайшылықтан жоғары екенін қадап айтты. Ол бір елдің жетістігі екінші ел үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынын да тілге тиек етті.

"Қытай-Америка қарым-қатынасының тұрақтылығы бүкіл әлем үшін тиімді", - деді Си Цзиньпин.

Өз кезегінде Трамп Си Цзиньпинмен кездесуінде Бейжіңге жасаған сапары екі ел арасындағы байланыстың жақсаруына ықпал ететініне уәде берді.

"Қиындықтар туындағанда біз оларды шеше алдық... Бізді бірлескен ғажайып болашақ күтіп тұр", - деп мәлімдеді АҚШ президенті.

Ол Бейжіңде болу - өзі үшін мәртебе екенін және Қытай басшысымен "дос болуды мақтан тұтатынын" жеткізді.

Еске сала кетейік, Трамп Қытайға 13 мамырда келген болатын. Бейсенбіде, 14 мамырда, Бейжіңде АҚШ президенті мен ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің америка-қытай қатынастарының келесі кезеңін айқындайтын келіссөздері басталды. АҚШ-тың жоғары лауазымды шенеуніктерінің айтуынша, көшбасшылар сауда мен инвестицияларды, сондай-ақ Ирандағы соғыс пен өзге де өзекті мәселелерді талқылайды.

Тағы оқыңыздар: Трамп өзі қаза болған жағдайға вице-президентке хат қалдырған

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 467.86   549.92   6.39 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер