Трамп өзі қаза болған жағдайға вице-президентке хат қалдырған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Трамп өзі қаза болған жағдайға вице-президентке хат қалдырған Фото: x.com/whitehouse

Ақ үй өкілі Себастьян Горка АҚШ көшбасшысы Дональд Трамптың екінші президенттік мерзімі кезінде қызметін Джей Ди Вэнске тапсыруға тура келген жағдайға байланысты вице-президентке нақты нұсқаулар қалдырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі New York Post басылымына сілтеме жасап.


Ақ үй өкілі Себастьян Горка АҚШ көшбасшысы Дональд Трамптың екінші президенттік мерзімі кезінде қызметін Джей Ди Вэнске тапсыруға тура келген жағдайға байланысты вице-президентке нақты нұсқаулар қалдырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі New York Post басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, Трамп әкімшілігінің контртеррористік стратегиясын басқаратын Горка бұл туралы Pod Force One подкастында айтқан.

Контртерроризм мәселелері жөніндегі кеңесшінің айтуынша, ол АҚШ-тың 47-ші президентіне шетелдік қарсылас тарапынан қастандық жасалуы мүмкін деп қауіптенбейді. Дегенмен, Горка егер Қытай немесе басқа бір қас ниетті субъект оның "көзін жоятын" болса, билік сабақтастығына қатысты қолданылатын ережелер бар екенін атап өтті.

"Resolute (президенттік - ред. ескертпесі.) үстелінің суырмасында, егер оған бірдеңе бола қалған жағдайға байланысты вице-президентке арналған хат жатыр. Бізде хаттамалар бар, маған сеніңіздер. Олар туралы ашық айта алмаймын, бірақ бізде хаттамалар бар", - деді Горка.

БАҚ мәліметінше, Трамп жақында Қытайға барған. Бейсенбі күні Бейжіңде АҚШ президенті мен ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің келіссөздері басталды, бұл кездесу Америка-Қытай қатынастарының келесі кезеңін айқындауы мүмкін. Жоғары лауазымды америкалық шенеуніктердің айтуынша, олар сауда мен инвестицияларды, сондай-ақ Ирандағы соғысты және басқа да мәселелерді талқылайды.

Бұл – Трамптың 2017 жылғы бірінші президенттік мерзіміндегі сапарынан кейінгі Қытайға жасаған алғашқы сапары.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 467.86   549.92   6.39 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер