09 қараша 2021 15:39

Сингапур енді COVID-19-ға қарсы екпе алмаған науқастарды тегін емдемейді

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Сингапур үкіметі бұдан былай екпе алмаған азаматтарды коронавирустан емдеуге аурухана төлемдерін төлемейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Business Insider сайтына сілтеме жасап.


Сингапур үкіметі бұдан былай екпе алмаған азаматтарды коронавирустан емдеуге аурухана төлемдерін төлемейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Business Insider сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Ел Үкіметі сингапурлықтар, тұрақты тұрғындар және ұзақ мерзімді рұқсаты барларда шетелдік сапардан оралғаннан кейін аурудың оң нәтижесі анықталмаса, COVID-19-дан емдеуге медициналық төлемдер төлеген.

"Бұл COVID-19-ға байланысты уайымды күшейтетін қаржылық ойлардан аулақ болу үшін жасалды. Екпе алғандардың көпшілігі, 12 жасқа дейінгі балалар, медициналық себебіне байланысты COVID-19-ға қарсы екпе ала алмайтындар мемлекет есебінен емделеді", - делінген министрлік хабарламасында.

Алайда екпеден бас тартқысы келетіндер үшін денсаулық сақтау министрлігі COVID-19 емі үшін ақы алуы керек. Басылымның мәліметінше, бұл шара 2021 жылдың 8 желтоқсанынан бастап енгізіледі.

"Қазір екпе алмағандар стационарлық емдеуді қажет етеді, денсаулық сақтау саласының жүктемесіне дәрежеде ықпал етеді", - деді министрлік.

Сингапурда халықтың 85 пайызы толық екпе алған, 18-і COVID-19 препаратының үшінші дозасын алған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети