1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Сирияда ресейлік және америкалық әскерилердің қақтығысы видеоға түсіп қалды28 тамыз 2020, 09:32

Видеодан алынған кадр ©Youtube / RusVesna Видеодан алынған кадр ©Youtube / RusVesna

Сирияның солтүстік-шығысында америкалықтар мен ресейліктер арасында қақтығыс болып, салдарынан АҚШ-тың бірнеше әскериі зардап шекті, - деп хабарлайды РИА Новости.

Оқиғаның видеосы YouTube хостингінде RusVesna каналында жарияланды.

Видео кадрларынан Ресейдің туы ілінген әскери көліктердің АҚШ туы ілінген көліктердің соңынан қуып, оларға жол бермей жатқаны көрінеді. Сондай-ақ, Ми-8 тікұшағының ұшып жүргені байқалады.

Еске салайық, осыған дейін АҚШ-тың Ұлттық Қауіпсіздік кеңесінің өкілі Ресей әскерін Сириядағы қақтығыстардың алдын алу ережелерін бұзды деп айыптаған болатын. Оның айтуынша, ресейлік автокөлік коалицияның брондалған машинасына соғылып, нәтижесінде бірнеше экипаж мүшесі зардап шеккен.

Ал Ресей Қарулы Күштері Бас штабының басшысы Валерий Герасимов халықаралық коалицияға Ресей колоннасының өтетіні туралы алдын ала ескертілгенін айтты. Оның айтуынша, америкалық әскерилердің өзі ресейлік патрульге жол бермей, бұғаттауға тырысқан.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Алматыда митинг өтті