12 қазан 2019 15:22

Сирияның Камышлы қаласында жарылыс болып, 3 адам көз жұмды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: Хабар 24 Сурет: Хабар 24

Сирияның Түркия шекарасына жақын жатқан Камышлы қаласында жарылыс болып, 3 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Хабар 24.


Сирияның Түркия шекарасына жақын жатқан Камышлы қаласында жарылыс болып, 3 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Хабар 24.

Тағы 9 тұрғын жарақат алды. Ақпарға қарағанда, көлікке жасырылыған бомба іске қосылған. Лаңкестікті "Ирак және Левант лаңкестік ұйымы" мойнына алды.

Еске сала кетейік, Түркия бірнеше күн бұрын Сирияның солтүстігіндегі күрд жасақтарына қарсы әскери операция бастаған болатын. Содан бері екі елдің шекарасына жақын жатқан елді мекендерде жарылыстар көбейді.

Түркия Сирияда не үшін әскери шабуыл бастады? Таяуда Түркия президенті Режеп Ердоған Сирияның солтүстік-шығысына әскер кіргізетінін хабарлаған. Бұл сириялықтарға ғана емес, әлем елдеріне де күтпеген жаңалық болды. Ал бұған дейін Түркияға қарсы ұйымды қолдаған АҚШ-тың өзі бұл соғысқа араласпайтынын мәлімдеген еді.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети