Сочиде Украина спортшысы жарысқа қатысудан бас тартты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сочиде Украина спортшысы жарысқа қатысудан бас тартты Богдана Мацецкая әкесі әрі бапкері Олегпен Сочиде. @Facebook.com

Сочи Олимпиадасында Украина құрамасының спортшысы, таушаңғышы Богдана Мацецкая мен оның әкесі әрі бапкері Олег Мацецкий одан әрі өнер көрсетуден бас тартты деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл - олардың елдегі қарулы қақтығысқа наразылығы. Олег Мацецкий Facebook-те "Біз Украина Президенті Виктор Януковичтің соңғы әрекеттеріне қатты ашулымыз, ол жанжалды Майданмен келіссөз жүргізіп шешудің орнына (біз Сочидегі Олимпиада Ойындарына кетіп бара жатып, осыдан үміттенгенбіз) украиндердің ең соңғы үміттерін қанға батырды. Сонысымен ол Олимпиада Ойындарының мәңгілік қағидасы - Ойындар кезінде бейбітшілікті сақтауды бұзды. Майдан баррикадаларында күресушілермен ынтымақтастығымыздың белгісі ретінде және наразылық білдірушілерге қатысты содырлық әрекеттерге, Президенттің әрекетсіздігіне, оның үкіметінің жылпостығына қарсылық ретінде біз Соичдегі 2014 жылғы Олимпиада Ойындарында одан әрі өнер көрсетуден бас тартамыз", - деп жазды. Богдана Мацецкая 15-18 ақпан күндері супергигант пен гигант слалмы бойынша өнер көрсеткен болатын. Енді 21 ақпан күні тағы бір бәсекесі болатын еді. Дегенмен Украина олимпиадалық құрамасының басқа өкілдері бәсекені жалғастыра бермек. Елдің Ұлттық олимпиада комитетінің сайтында бұл туралы ресми мәлімдеме де жарияланды. Комитет басшысы Сергей Бубканың айтуынша, Мацецкая мен оның әкесі өнер көрсетуден бас тартқанымен, олар Олимпиаданың соңына дейін Сочиде болып, өзге отандстарына қолдау көрсетеді. Айта кетейік, бұған дейін Олимпиаданың халықаралық комитеті Украина олимпиадашыларына қаралы шүберек тағынуға тыйым салған болатын.

Читайте также

Валюта бағамы

 486.16   555.05   6.51 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +31
Астана +36
Ақтау +27
Ақтөбе +21
Атырау +30
Б
Балқаш +20
Ж
Жезқазған +34
Қ
Қарағанды +27
К
Көкшетау +24
Қ
Қостанай +29
Қызылорда +30
П
Павлодар +32
Петропавл +28
С
Семей +32
Т
Талдықорған +34
Тараз +37
Түркістан +28
О
Орал +27
Ө
Өскемен +35
Ш
Шымкент +32

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер