24 шілде 2019 10:49

Солтүстік Корея ресейлік кемені басып алды: Оқиғаның мән-жайы

ПОДЕЛИТЬСЯ

© АиФ Калининград © АиФ Калининград

Солтүстіккореялық шекарашылар ресейлік "Сянхайлинь-8" сейнерін басып алған. Бортында экипаждың 17 мүшесі, оның ішінде Оңтүстік Кореяның екі азаматы болған, - деп хабарлайды РИА Новости.


Солтүстіккореялық шекарашылар ресейлік "Сянхайлинь-8" сейнерін басып алған. Бортында экипаждың 17 мүшесі, оның ішінде Оңтүстік Кореяның екі азаматы болған, - деп хабарлайды РИА Новости.

Кемеге иелік етуші компания директорының орынбасары Сергей Седлер оқиғаның 17 шілдеде болғанын айтады. Кемені басып алуға басты себеп - "әскери күзетілетін аймақ" шекарасына заңсыз кіру. Бұл аумақты КХДР жағалаудан 50 теңіз миль қашықтықта бекітіп тастаған. Оның айтуынша, сейнер күнделікті бағытымен кетіп бара жатқан - ресейлік Приморьеде шаян аулап, Зарубинода құжаттарды рәсімдеп, оңтүстіккореялық Сокчоға апара жатқан. 

Кеме иесінің өкілі экипажды екіге бөлгендерін айтады: капитанды, екі көмекшісін және екі оңтүстіккореялық мамандарды қонақүйде ұстап отыр, ал қалғанын каютадан шығармайды отыр екен. Күн сайын жауап алып, бақылау жүргізіледі, сондай-ақ кемеде су мен азық-түлік таусылды деген қауіп бары да айтылады. 

Ресейлік дипломаттар осы мәселені шешуге кіріскен. "Біздің елшілік жағдайды біледі, дипломаттар кірісіп кетті. Менің білуімше, олар экипаж мүшесімен кездескен", - деді Ресей Сыртқы істер министрлігінің Владивостоктағы өкілі. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети