29 сәуір 2017 11:43

Солтүстік Корея ұшырған зымыран сәтсіздікке ұшырады - Трамп

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS/Jonathan Ernst © REUTERS/Jonathan Ernst

АҚШ президенті Дональд Трамп Twitter желісіндегі микроблогында КХДР ұшырған зымыран сәтсіздікке ұшырағанын жазды. 


АҚШ президенті Дональд Трамп Twitter желісіндегі микроблогында КХДР ұшырған зымыран сәтсіздікке ұшырағанын жазды. 

"Солтүстік Корея Қытайға және оның сыйлы төрағасы Си Цзиньпиньнің тілегіне құрмет көрсетпеді, олар бүгін зымыран ұшырды, алайда онысы сәтсіздікке тап болды", - деп жазды Трамп. 

Айта кетейік, Трамп Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламадан бас тартуы үшін, Пхеньянға қысым көрсету мақсатында Си Цзиньпинмен келіссөздер жүргізіп мәмілеге келген болатын. 

Еске салайық, осыған дейін оңтүстіккореялық БАҚ таңғы жергілікті уақыт бойынша 05.30-да (Астана уақыты бойынша 02.30-да) КХДР Пхенан-Намдо провинциясының Пукчхан ауданынан солтүстік-шығысқа қарай бағыттап зымыран ұшырды. Мамандардың айтуынша, зымыран ұшып шыққаннан кейін бірнеше секундтан соң жарылып кеткен. 

Солтүстік Американың әуе-ғарыш қорғанысы басқармасының мәліметінше, зымыран Солтүстік Кореяның шекарасынан аспаған және Солтүстік Америка үшін еш қауіп жоқ. 


© REUTERS/Sue-Lin Wong 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети