22 сәуір 2020 13:52

Солтүстік Кореяда Ким Чен Ынның орнына адам дайындап жатыр - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Солтүстік Корея 2019 жылдың соңынан бастап ел басшысы Ким Чен Ынның орнына оның кенже қарындасы Ким Е Чжонды шұғыл жағдайларға байланысты дайындап келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.


Солтүстік Корея 2019 жылдың соңынан бастап ел басшысы Ким Чен Ынның орнына оның кенже қарындасы Ким Е Чжонды шұғыл жағдайларға байланысты дайындап келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Жапонияның "Иомиуру"  газеті оңтүстіккореялық және америкалық дереккөздерге сілтеме жасап, 2019 жылдың соңында Корея Еңбек партиясының орталық аппаратының пленумында  Ким Чен Ын аяқ астынан қайтыс болып қалса, билікті оның қарындасы Ким Е Чжонға беру шешімін қабылданғанын жазды. Газеттің дереккөздерінің хабарлауынша, осы шешімнен кейін "Ким Е Чжонның атынан партиялық және әскери салада түрлі тапсырма берілген".

"Иомиури" дереккөздерінің айтуынша, Пхеньянға қаңтар айында Ким Чен Ынның жағдайы нашарлаған соң Франциядан дәрігерлер келген. Ким Чен Ынның қан қысымы жоғары, жүрегі ауырады, диабеті бар деген ақпарат тарады. Оның орнына Ким Е Чжонды қою жұмыстары жылдамдап, қазір ол солтүстіккореялық иерархияның алдында "нөмірі екінші адам" болды.

Бұған дейін CNN телеарнасы Ким Чен Ынның соңғы күндері денсаулығы нашарлап, көрінбей кеткенін хабарлаған. Бірақ Ким Чен Ынмен үш рет кездескен АҚШ президенті Дональд Трамп солтүстіккореялық басшының денсаулығы туралы ақпаратты ешкім растамағанын мәлімдеді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети