19 наурыз 2020 10:47

Соңғы тәулікте ауру ошағы саналатын Уханда коронавирус жұқтырғандар тіркелмеген

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

COVID-19 коронавирусы тараған Хубей провинциясы, Ухан қаласында соңғы тәулікте вирусты жұқтырған адам тіркелмеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚХР денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық комиссиясына сілтеме жасап. 

Денсаулық сақтау бойынша комиссия мәліметінше, Хубейден тыс жерде де вирус жұқтырған адам анықталмаған. Тек шетелден жұқтырып келген адамдар тіркелген: Бейжіңде - 21, Гуандонда - 9, Шанхайда - 3, тағы бір адам Хэйлунцзян провинциясында анықталған. Қытайдан тыс елден вирусты жұқтырып келгендердің жалпы саны - 189. 

Джонс Хопкинс америкалық университетінің мәліметінше, коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандардың жалпы саны - 218 631. Барлығы 8 810 адам қайтыс болып. 84 113 науқас емделіп шыққан. 

Вирусты жұқтырғандардың саны бойынша бірінші орында - Қытай (81 137 адам), екінші орында - Италия (35 713 адам), үшінші орында - Иран (17 361 адам). 

Қытайда коронавирустың емі табылғаны хабарланды

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети