05 тамыз 2022 15:49

"Sputnik Әзербайжан" басылымының бірнеше журналисі қызметінен кетті

Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Әлихан Сариев Фото: Әлихан Сариев

"Sputnik Әзербайжан" ақпарат агенттігінің бірден бірнеше журналисі қызметінен кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Haqqin.az басылымына сілтеме жасап.


"Sputnik Әзербайжан" ақпарат агенттігінің бірден бірнеше журналисі қызметінен кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Haqqin.az басылымына сілтеме жасап.

Haqqin.az  басылымы мәліметінше, журналистер "Ресей Қорғаныс министрлігінің Әзербайжан "Кек" операциясы кезінде атысты тоқтату режимін бұзды деген" ақпаратты жариялаудан бас тартқан.

"Баспаның редакторлары Зульфия Гурбанова, Жәмила Эфендиева, Елена Старостина және Гүлзар Мұстафаева әлеуметтік желілерде Әзербайжан азаматы бола тұра "Sputnik Әзербайжан" редакциясында өз елінің мүддесін қолдан келгенше қорғағанын жазды. Алайда қазір олар қызметтен кетуге мәжбүр", - делінген хабарламада.

Бұл жағдайға "Sputnik Әзербайжанның" бұрынғы редакторы Гүлзар Мұстафаева да Facebook-парақшасында пікір білдірді.

"Бүгіннен бастап "Sputnik Әзербайжанмен" жолым ажырады. Мен және кейбір әріптестерім өз ұстанымымызда Әзербайжанның ұстанымын қорғай отырып, қолдан келгеннің бәрін істедік. Мен Әзербайжан Республикасының азаматы ретінде мұндағы жұмысым үшін ұялмаймын, ар-ұжданым таза. Олар бізді сындырмақ болған, біз бұған нүкте қойып, жай ғана кетіп қалдық", - деп жазды ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети