07 қазан 2021 10:25

"Спутник V" авторлары COVID-19 бен тұмауға қарсы бір вакцина өндіреді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Ресейлік Гамалея орталығы 2022 жылдың аяғында тұмау мен коронавирусқа қарсы бір вакцинаның клиникалық сынақтарын бастайды. Бұл туралы орталық директоры Александр Гинцбург айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Известия" газетіне сілтеме жасап.


Ресейлік Гамалея орталығы 2022 жылдың аяғында тұмау мен коронавирусқа қарсы бір вакцинаның клиникалық сынақтарын бастайды. Бұл туралы орталық директоры Александр Гинцбург айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Известия" газетіне сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, Ресейде тұмауға және коронавирусқа қарсы бірыңғай вакцинаның технологиялық платформасы құрылған.

Александр Гинцбург вакцинацияланған адамдарда антиденелердің жоғары деңгейін ұстап тұратын жад жасушалары пайда болатынын айтты. Иммунизацияның жалпы деңгейінің артуы жарты жылда бір рет емес, одан сирек вакцинациялауға болатындығына әкеледі, деп түсіндірді ғалым.

Болашақ препараттың технологиялық платформасы ротавирусқа қарсы гибридті вакцинаға негізделген. Сонымен қатар коронавирустың әртүрлі нұсқаларына қарсы препарат әзірленіп жатыр.

"Бұл үшін технологиялық платформа құрылды, бірақ клиникалық сынақтар әлі басталған жоқ. Егер осы платформамен бәрі жақсы болса, дәл осы технологиямен жұмыс істейміз, содан кейін бір уақытта тұмауды және коронавирусты емдеуге болатын күрделі нұсқаға көшеміз.  Жаңа препараттың клиникалық сынақтары келесі жылдың соңында басталады", - деді сарапшы.

Тұмау мен коронавирусқа қарсы бірыңғай вакцина жасау қажеттілігі осы ауруларды бір мезгілде жұқтырудың көп болатындығына, маусымдық тұмаудың ауырлығын және одан болатын өлім едәуір артатынына байланысты, - деп түсіндірді Гамалея орталығының бас ғылыми қызметкері Виктор Зуев. Оның айтуынша, иммунитетті қалыптастыру үшін тек тұмауға немесе тек коронавирусқа қарсы вакцинация жеткіліксіз, өйткені бұл екі түрлі вирус.

"Қышқылды ащымен шатастырмаймыз. Дәл сол секілді тұмау - бұл тұмау, коронавирус инфекциясының оған ешқандай қатысы жоқ. Өйткені, аурудың белгілері ұқсас болғанымен бір-біріне қатысы жоқ. Тұмауға қарағанда коронавирус инфекциясы ауыр түрде өтеді", - деп түсіндірді ғалым.

Сондықтан ол тұмау мен коронавирусқа қарсы бірыңғай вакцина жасалмайынша, екі түрлі препаратпен вакцинациялау қажет деп қорытындылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети