22 қазан 2021 15:39

"Спутник V" Еуропада 2021 жылдың соңына дейін мақұлданбайды - дереккөз

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Коронавирусқа қарсы Ресейлік "Спутник V" вакцинасын Еуропалық Одақ биыл мақұлдамауы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.


Коронавирусқа қарсы Ресейлік "Спутник V" вакцинасын Еуропалық Одақ биыл мақұлдамауы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттіктің мәліметінше, Еуропалық дәрі-дәрмек агенттігі (EMA) "Спутник V" вакцинасын қажетті ақпараттардың жоқтығына байланысты 2022 жылдың бірінші тоқсанына дейін мақұлдамауы мүмкін.

Reuters дереккөзі EMA-ның "Спутник V" вакцинасы бойынша шешімі жыл соңына дейін шықпауы мүмкін екенін мәлімдеді. Алайда егер қажетті ақпарат қарашаның аяғына дейін агенттікке берілсе, онда реттеуші 2022 жылдың бірінші тоқсанында шешім қабылдауы мүмкін.

Өз кезегінде EMA Ресей вакцинасын Еуропалық Одақ аумағында қолдану туралы шешім Мәскеу барлық қажетті деректерді бергеннен кейін қайта қаралатынын хабарлады.

Вакцина өндірісін қаржыландырған Ресейдің тікелей инвестициялар қоры жауап ретінде бұқаралық ақпарат құралдарында "Спутник V"-ге ақпараттық шабуылдардың жиілеп кеткенін мәлімдеп, "жалған анонимді дереккөздерге" емес, реттеушілердің ресми ақпараттарына сенуге шақырды.

Ресей Денсаулық сақтау министрінің көмекшісі Алексей Кузнецов министрлік EMA талап еткен құжаттарды рәсімдеуді аяқтайтынын айтты.

Бұған дейін Ресейде коронавирусқа қарсы "Спутник V" вакцинасын зерттеу туралы қорытынды есеп күздің ортасына дейін жарияланатыны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети