Шри-Ланкада жарылыстан қаза тапқандардың саны 321-ге жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шри-Ланкада жарылыстан қаза тапқандардың саны 321-ге жетті © AP Photo / Eranga Jayawardena

Шри-Ланкада жарылыстан қаза тапқандардың саны 321-ге, ал зардап шеккендердің саны 520-ға жетті. Бұл туралы байланыс құралдары және бұқаралық ақпарат министрі Руван Вийевардене мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости News 1st телеарнасына сілтеме жасап.

Мұның алдында жарылыстан 262 адамның қаза тауып, 452 адамның зардап шеккені хабарланған еді. Шри-Ланка билігі 40 күдіктіні ұстаған. 

"Қаза тапқандар саны 321-ге жетті және 521 адам зардап шекті", - делінген телеарнаның Twitter желісіндегі парақшасында. 

Cоңғы мәліметтерге қарағанда, қаза тапқандардың ішінде Дания, Жапония, Пәкістан, Марокко, Үндістан, Бангладеш, ҚХР, АҚШ, Түркия және Ұлыбритания елдерінің азаматтары бар.

Сондай-ақ, жарылысқа қатысы бар деген күдікпен 13 адамның ұсталғаны айтылады.

Еске салайық, кеше, жексенбіде Шри-Ланкада екі жарылыс болған еді. Кейінірек Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі жарылыс салдарынан қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ екенін мәлімдеген болатын. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети