Стокгольмде адамдарды қағып кеткен жүк көлігінде жарылғыш зат болған - БАҚ

SVT телеарнасы Стокгольм полицейлеріні? ?ала орталы?ында бір топ адамды ?а?ып кеткен ж?к к?лігін тексеру кезінде ішінде жарыл?ыш зат бол?ан с?мкені тауып ал?анын м?лімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

SVT телеарнасы Стокгольм полицейлерінің қала орталығында бір топ адамды қағып кеткен жүк көлігін тексеру кезінде ішінде жарылғыш зат болған сөмкені тауып алғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Полициядағы бірнеше дереккөз кеше Стокгольмде террористік акция кезінде қолданылған жүк көлігінен ішінде жарылғыш зат бар сөмке табылғанын айтты", - деп хабарлайды телеарна.

Осыған дейін терактіге қатысы бар делінген екінші күдіктінің ұсталғаны хабарланған болатын. Сондай-ақ, соңғы мәліметтер бойынша, терактіден қаза тапқандардың саны төртке жетіп, он екі адам жарақат алған.

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, Стокгольм қаласындағы жаяу жүргіншілерге арналған Дроттнинггатан көшесінде жүк көлігі бір топ адамды қағып, үшеуін мерт қылды, тағы сегіз адам жарақат алды.

Бұл туралы Швеция радиосы оқиғаның куәгеріне сілтеме жасап хабарлады. Полиция жаяу жүргіншілерді қаққан күдіктіні ұстады. 

Сондай-ақ, Швеция премьер-министрі Стефан Левен Стокгольм орталығында жаяу жүргіншілерді қағу оқиғасын теракт деп бағалады.

ҚР Сыртқы істер министрлігі және Швециядағы Қазақстан елшілігі оқиғаның мән-жайын тексеріп жатыр. 

"Швеция астанасындағы біздің дипломаттар зардап шеккендер туралы мәліметті тексеріп жатыр. Қазіргі уақытта Швециядағы ҚР Елшілігінде Қазақстанның 120 азаматы тіркелген", - деген еді СІМ баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов.  


Twitter.com / Lorand Bodo 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама