08 сәуір 2017 09:26

Стокгольмдегі терактіге қатысы бар делінген екінші күдікті ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Швеция полицейлері Стокгольмдегі терактіге қатысы бар делінген екінші күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Reuters жергілікті БАҚ-тарға сілтеме жасап.


Швеция полицейлері Стокгольмдегі терактіге қатысы бар делінген екінші күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Reuters жергілікті БАҚ-тарға сілтеме жасап.

SVT телеарнасының мәліметінше, ер адам Стокгольм қаласының маңында қамауға алынды. Сондай-ақ, соңғы мәліметтер бойынша, терактіден қаза тапқандардың саны төртке жетіп, он екі адам жарақат алған.

Еске сала кетейік, Стокгольм қаласындағы жаяу жүргіншілерге арналған Дроттнинггатан көшесінде жүк көлігі бір топ адамды қағып, үшеуін мерт қылды, тағы сегіз адам жарақат алды.

Бұл туралы Швеция радиосы оқиғаның куәгеріне сілтеме жасап хабарлады. Полиция жаяу жүргіншілерді қаққан күдіктіні ұстады. 

Сондай-ақ, Швеция премьер-министрі Стефан Левен Стокгольм орталығында жаяу жүргіншілерді қағу оқиғасын теракт деп бағалады.

ҚР Сыртқы істер министрлігі және Швециядағы Қазақстан елшілігі оқиғаның мән-жайын тексеріп жатыр. 

"Швеция астанасындағы біздің дипломаттар зардап шеккендер туралы мәліметті тексеріп жатыр. Қазіргі уақытта Швециядағы ҚР Елшілігінде Қазақстанның 120 азаматы тіркелген", - деген еді СІМ баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов.  


Twitter.com / Lorand Bodo 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети