Швеция полицейлері Стокгольмдегі терактіге қатысы бар делінген екінші күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Reuters жергілікті БАҚ-тарға сілтеме жасап.
Швеция полицейлері Стокгольмдегі терактіге қатысы бар делінген екінші күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Reuters жергілікті БАҚ-тарға сілтеме жасап.
SVT телеарнасының мәліметінше, ер адам Стокгольм қаласының маңында қамауға алынды. Сондай-ақ, соңғы мәліметтер бойынша, терактіден қаза тапқандардың саны төртке жетіп, он екі адам жарақат алған.
Еске сала кетейік, Стокгольм қаласындағы жаяу жүргіншілерге арналған Дроттнинггатан көшесінде жүк көлігі бір топ адамды қағып, үшеуін мерт қылды, тағы сегіз адам жарақат алды.
Бұл туралы Швеция радиосы оқиғаның куәгеріне сілтеме жасап хабарлады. Полиция жаяу жүргіншілерді қаққан күдіктіні ұстады.
Photos: Police detained one suspect in Stockholm https://t.co/7nzfyPTj9G pic.twitter.com/90uvOO3zNz via @AlertesNews
— Liveuamap (@Liveuamap) 7 апреля 2017 г.
Сондай-ақ, Швеция премьер-министрі Стефан Левен Стокгольм орталығында жаяу жүргіншілерді қағу оқиғасын теракт деп бағалады.
ҚР Сыртқы істер министрлігі және Швециядағы Қазақстан елшілігі оқиғаның мән-жайын тексеріп жатыр.
"Швеция астанасындағы біздің дипломаттар зардап шеккендер туралы мәліметті тексеріп жатыр. Қазіргі уақытта Швециядағы ҚР Елшілігінде Қазақстанның 120 азаматы тіркелген", - деген еді СІМ баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов.
The attacks on the West continue.#Stockholm pic.twitter.com/U2oJLM5Lig
— Zeke & Narc (@Zeke_Narc) 7 апреля 2017 г.
Twitter.com / Lorand Bodo