28 тамыз 2020 16:30

Суданда су тасқынынан 90 адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Хабар 24 © Хабар 24

Суданда су тасқынынан 90 адам қаза тапты, - деп хабарлайды "Хабар 24".


Суданда су тасқынынан 90 адам қаза тапты, - деп хабарлайды "Хабар 24".

Телеарна мәліметінше, табиғи апаттан елдің оңтүстік аудандары көп зардап шекті. 18 мың үй қирап, 32 мыңы бүлінген. Ондаған мың тұрғын баспанасыз қалды. Елдегі егістік алқаптарының көбін су басып, экономикаға шығын келген. Суданда шілдеден қазанға дейін жаңбырлы маусым. Алайда мамандар соңғы күндері жаңбыр әдеттен тыс көп жауғанын айтып отыр.

"Мұндай жауынды бұрын соңды көрмеппін. Тек 1948 жылы осындай апат болғаны есімде. Жергілікті биліктің тұрғындарға құм толы қаптар таратқанынан еш қайран болмай тұр. Нілден тасыған су бөгеттерді бұзып, үйлерді басып жатыр", - дейді Хартум қаласының тұрғыны Ахмед Бастауи.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети