03 тамыз 2014 11:49

Сырттай тұтқындалған Саакашвили мәлімдеме жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Михаил Саакашвили. Фото Tengrinews.kz мұрағатынан Михаил Саакашвили. Фото Tengrinews.kz мұрағатынан

Грузияның экс-президенті Михаил Саакашвили саяси баспанаға мұқтаж емес, ол сондай-ақ өзіне тағылған айыптардың барлығын қисынсыз деп санайды, -деп хабарлайды Lifenews.ru Грузия телеканалына сілтеме жасай отырып.


Грузияның экс-президенті Михаил Саакашвили саяси баспанаға мұқтаж емес, ол сондай-ақ өзіне тағылған айыптардың барлығын қисынсыз деп санайды, -деп хабарлайды Lifenews.ru Грузия телеканалына сілтеме жасай отырып.

Бұған қатысты ол "таяуда мен Албанияда болдым. 30 шілде күні досымның шақыртуымен Венгрияның премьер министрі Виктор Орбанның шақыртуымен Будапеште болдым. Сондай-ақ басқа мемлекеттерге де барып шығу ойымда бар. Қазір мен үшін баруға мүмкіндік жоқ екі ел бар. Ол Грузия мен Ресей" деп мәлімдеді. 

Еске салайық, Грузияның экс басшысын "қызмет бабын асыра пайдаланды" деп айыптап, оның үстінен 2007 жылы қараша айында оппозицияның акцияларын қолды етуге, "Имеди" телекомпаниясын талқандауға, компанияның иесі Бадри Патаркацишвилидің меншігін тартып алуға қатысты қозғалған. 2 тамыз күні Тбилиси қалалық соты Михаил Саакашвилиді сырттай тұтқындаған болатын.

Қазіргі уақытта ол АҚШ-та жүр. Экс-президент Нью-Йорктан 1 тамыз күні тбилисилік "Рустави-2" телекомпаниясы арқылы мәлімдеме жасап Грузия бас прокуратурасының жауап алуына келмейтінін, ешқандай тергеу орнының қызметкерлерімен бірлесіп жұмыс істемейтінін жеткізді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети