01 қараша 2016 12:53

Тәжікстандық дөкейдің қызы үйлену тойына 600 мың долларлық көйлекпен шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Life.ru © Life.ru

Тәжікстандық олигарх Ильхом Шокировтың қызы Мадина Мәскеуде тұрмысқа шықты, - деп хабарлайды VistaNews.ru.


Тәжікстандық олигарх Ильхом Шокировтың қызы Мадина Мәскеуде тұрмысқа шықты, - деп хабарлайды VistaNews.ru.

Салтанатты шара Radisson Royal қонақүйінің "Конгресс-парк" залында өтті, ал қалыңдықтың той көйлегі 40 миллион рубльге (қазіргі курспен 632 739 доллар) сатып алынған.

Бұл тойға 900 адам қонақ болып келген. Залдың іші гүлдермен әрленген, алайда ең басты көзге түскені тәжікстандық сұлудың көйлегі болған. Осы көйлекті атақты ұлыбританиялық дизайнерлер Ralph & Russo жасаған. Ұлттық дәстүрге сай тігілген көйлек қарапайым әрі жабық. 

Сонымен қатар, олигарх Ильхом Шокиров көңіл көтеру бағдарламасына 30 миллион рубль жұмсаған. Сахнада Иван Ургант пен Алла Михеевалар болған, әнші Глюкоза, Филипп Киркоров өзінің шоу-балетімен, Леонид Агутин және тағы басқа танымал жұлдыздар қатысқан. 

Қонақтардың алдына Орта Азияның ұлттық тағамдары қойылған, қымбат алкоголь ішімдіктері мен тортты кондитер Ренат Агзамов дайындаған.

Олигархтың қызы Сардор есімді жігітке тұрмысқа шыққан.

Тойға дейін  Мадина екі рет қыздар кешін ұйымдастырған. Біріншісінде ол құрбыларымен бірге Испанияға жеке ұшағымен ұшып барып, Марбельеде яхтада болған. Ал, екінші кеш тойға бір күн қалғанда Жерорта теңізінің асханасымен аты шыққан Мәскеудің ең қымбат Balzi Rossi мейрамханасында болған.

 

Қыздың әкесі - кәсіпкер Ильхом Шокиров Ташкенттегі ең қымбат "Гранд" қонақүйінің иесі, "Демир" сауда үйінің 65 пайызын иеленген және Мәскеу төңірегіндегі қонақүйлердің иесі. 2010 жылы Ильхом Шокиров ұлын үйлендірген, ол Өзбекстан вице-премьері Рустам Азимовтың қызын алған. Қалыңдық көйлегін араб дизайнері Валид Атталы 2 миллион долларға тіккен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети