03 маусым 2022 08:25

"Талибан" апиын алқаптарын жойып жатыр

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауғанстанда "Талибан" (Қазақстанда тыйым салынған радикал ұйым) қозғалысы тұрғындардың көкнәр мен героин есірткісін жаппай өндірумен күресу үшін апиын алқаптарын жойып жатыр, - деп хабарлайды 24.kz.


Ауғанстанда "Талибан" (Қазақстанда тыйым салынған радикал ұйым) қозғалысы тұрғындардың көкнәр мен героин есірткісін жаппай өндірумен күресу үшін апиын алқаптарын жойып жатыр, - деп хабарлайды 24.kz.

Телеарна мәліметінше, Ауғанстандағы қазіргі билік оны өсіруге сәуір айында тыйым салған. Заңды бұзғандар қамалып, шариғат заңы бойынша жазаланады. Бірақ шаруалардың жалғыз кіріс көзі осы болғандықтан, заңға бағынбай жатқандар көп. 

"Біз бұл өсімдікті өзге дәнді дақылдармен алмастыру үшін бірқатар шараны қолға алып, үкіметтік емес ұйымдар және өзге де елдермен бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз. Кейбір мемлекеттер көмек беруге уәде берді. Бұл істе жақсы нәтижеге қол жеткіземіз деп сенемін", - деді "Талибан" қозғалысының өкілі.

Айта кетейік, Ауғанстан әлемде ең ірі апиын есіртікісін өндіруші және Еуропа мен Азияға негізгі героин тасымалдаушы ел саналады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети