13 қыркүйек 2021 17:45

Тәліптер бала ұрлаумен айналысатын банданың көзі жойылғанын хабарлады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

"Талибан" қозғалысының содырлары (Жоғарғы сот шешіміне сәйкес, Қазақстанда қозғалысқа тыйым салынған) балаларды ұрлау ісімен айналысқан бес күдікті өлім жазасына кесілгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Aamaj News агентігі Twitter-де жариялады.

13 қыркүйекке қараған түні бірнеше ауғанстандық БАҚ Мазари-Шарифте ірі қақтығыс болғанын хабарлады. Журналистер бұл тәліптер мен басқа содырлар арасындағы шайқас немесе тәліптердің өздері арасындағы қарулы қақтығыс болуы мүмкін деп болжады.

Кейінірек "Талибан" қозғалысының қауіпсіздік қызметі Мазари-Шарифтің тоғызыншы ауданындағы Дашт-э-Шурда арнайы операция нәтижесінде кәмілетке толмаған төрт бала босатылғанын айтты. Олардың айтуынша, адам ұрлау тобында төрт ауған азаматы мен бір өзбек әйел болған. Олардың бәрі өлім жазасына кесілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети