16 қыркүйек 2021 09:02

Тәліптер экс-шенеуніктердің ақшасы мен алтынын тәркілеу үшін рейд жүргізді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Талибан" қозғалысы (Жоғарғы сот шешімі бойынша Қазақстанда тыйым салынған қозғалыс) Ауғанстан үкіметінің бұрынғы қызметкерлерінен 12 миллион доллардан аса ақша мен алтын тәркіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DW басылымына сілтеме жасап.


"Талибан" қозғалысы (Жоғарғы сот шешімі бойынша Қазақстанда тыйым салынған қозғалыс) Ауғанстан үкіметінің бұрынғы қызметкерлерінен 12 миллион доллардан аса ақша мен алтын тәркіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DW басылымына сілтеме жасап.

Ауғанстанның Орталық банк мәлімдемесіне сүйенсек, бұл қаражат ақша тапшылығына байланысты Ауғанстан үкіметінің бұрынғы мүшелеріне жасалған рейд кезінде алынған.

Бұл ақша Ұлттық қауіпсіздік дирекциясының ауған шенеуніктерінен түскені айтылады. Тәліптердің өздері банкке қолма-қол ақша аударғанда, олар барлық жағынан ашық болуды ұстанатынын, сондықтан қаражатты банк қазынасына аударғанын баса айтты.

"Ауғанстан Ислам Әмірлігі ашық болу қағидаттарын ұстанады және бұрынғы саясаткерлердің үйінен алынған қаражатты ұлттық қазынаға аударады", - делінген банк хабарламасында.

Айта кететін жайт, Ауғанстанды "Талибан" басып алғаннан бері елдегі банктер доллар тапшылығын сезініп, кейбірі жабылу алдында тұр. Қиындыққа ұшыраған банктер қолма-қол ақшаның жетіспеушілігінен қорқатынын "Талибан" қозғалысына жеткізген, кейін олар бұрынғы үкімет шенеуніктерінің активтерін тексере бастады.

Бұған дейін "Талибан" қозғалысының өкілдері Ауғанстандағы банктерді ашу туралы бұйрық шығарған болатын. Әлемдегі ең ірі ақша аудару компаниясы Western Union Ауғанстанда да қызметін қалпына келтірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети