13 қараша 2020 09:28

Ташкент Гүлнара Каримова суицид жасады деген хабарламаларға түсінік берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© daryo.uz © daryo.uz

Бейсенбі, 12 қарашада Өзбекстан ІІМ құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі бас басқарма басшысының орынбасары Умида Абдуллаева Гүлнара Каримованың жағдайы нашарлап кетті деген ақпаратқа түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Repost.uz сайтына сілтеме жасап. 


Бейсенбі, 12 қарашада Өзбекстан ІІМ құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі бас басқарма басшысының орынбасары Умида Абдуллаева Гүлнара Каримованың жағдайы нашарлап кетті деген ақпаратқа түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Repost.uz сайтына сілтеме жасап. 

Қазанның соңында әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында Ташкент маңындағы колонияда жазасын өтеп жатқан Гүлнара Каримованың денсаулығы нашарлағаны туралы хабарламалар пайда болды. Ол санитар бөлімге "өкпесі қабынған, коронавирусқа күдікті" диагнозымен жатқызылды. 

Бұл туралы Каримованың қызы Иман да өзінің Instagram-дағы парақшасында анасына тиісті көмек көрсетілмей жатқанын, сондай-ақ коронавирусты тексеруге және дәрі-дәрмектерді жіберуге тыйым салынғанын жазды. 

"Гүлнара Каримова суицид жасады деген әңгіменің еш негізі жоқ. Гүлнара Каримова сот белгілеген жаза мерзімін өтеп жатыр", - деді ІІМ өкілі гендерлік теңдік жөніндегі комиссияның баспасөз конференциясында.

Олий Мәжліс Сенатының төрағасы Танзила Нарбаева да жағдайға пікір білдірді.

"Кімде-кім қылмыс жасаса, ол жазалануы керек. Гүлнара Каримованың жағдайы қазір жақсырақ, әлеуметтік желілердегі қауесет шындыққа жанаспайды. Оның жағдайы туралы толығырақ ақпаратты тиісті жауапты қызметкерлер бере алады", - деді Нарбаева.

Sputnik Өзбекстан журналистерінің хабарлауынша, жақын арада БАҚ-қа Каримованың қазіргі денсаулығы туралы толық ақпарат беріледі.

Өзбекстан экс-президенті Ислам Каримовтың үлкен қызы Ташкент облысы Зангиатин ауданының жалпы режимдегі колониясында жазасын өтеп жатыр. Ол ұрлық, салық төлеуден жалтару, бопсалау және заңсыз жолмен алынған қаражатты заңдастырғаны үшін кінәлі деп танылды. Наурызда Өзбекстанның Жоғарғы соты Гүлнары Каримованың 13 жыл 4 айға бас бостандығынан айырылғанын хабарлады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.4   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети