12 қыркүйек 2017 10:52

Ташкентте рекордтық жеті тонна палау пісірілді: Жұрт асқа таласып, шу шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© 1news.uz © 1news.uz

Ташкент орталығында Гиннесстің рекордтар кітабы өкілдерінің қатысуымен өткен әлемдегі ең үлкен палауды дайындауға арналған іс-шара кезінде дау шықты, - деп хабарлайды Ц-1 порталы.


Ташкент орталығында Гиннесстің рекордтар кітабы өкілдерінің қатысуымен өткен әлемдегі ең үлкен палауды дайындауға арналған іс-шара кезінде дау шықты, - деп хабарлайды Ц-1 порталы.

7 360 келі болатын палауды шамамен 50 аспаз алты сағатта дайындаған. Іс-шара 8 қыркүйекте  "Узбегим" фестивалі кезінде өткізілген.

Рекордтық палауды дайындауға 1,5 тонна сиыр еті, 400 келі қой еті, 1,9 тонна күріш, 2,7 тонна сәбіз, 220 келі пияз, 440 литр май, 100 келі ноқат, 57 келі тұз бен 350 литр су. Сондай-ақ, сол күні диаметрі 4 метр мен көлемі 8 000 литр болатын арнайы қазан жеткізілген. Қазан мен ошақтың салмағы 10 тоннаға жеткен.

Іс-шараның онлайн-трансляциясын Milliy TV арнасы мен Facebook әлеуметтік желісіндегі Guinness World Records өкілдері жүргізген.

Порталдың мәліметінше, фестивальге шамамен 70-80 мың адам келген. Бастапқыда бұл іс-шараға арнайы шақырту алғандар ғана кіре алған.

"Ондаған аспаздың үлкен қазанда дайындап жатқан палауын келушілер 130-200 метр қашықтықтан қарап тұрған. Адамдардың көп болғаны соншалық - тәртіп сақшылары оларды әрең тыныштандырып тұрған. Ұйымдастырушылар осыншама адам келеді деп ойламаған да", - деп жазады портал.

"Ұйымдастырушылар берген тегін тамақ пен судың барлығы бітіп қалған. Сол күні күн де қатты ыстық болған", - делінген мақалада.

Кешке қарай палауды тарататын кезде кезекте тұрғандардың арасында бірнеше минуттың ішінде үлкен дау шыққан. 

"Адамдар рекордтық палаудың дәмін татқысы келіп және алғашқылардың бірі болғысы келіп, қазанға қарай баса-көктеген. Бір топ адамның ішінде кішкентай балалар да жүр: ер адамдар оларды шудың ішінен көтеріп алып шығарған. "Палау бітейін деп жатыр" деген қауесеттен кейін ғана баса-көктеген адамдар тыныштала бастады. Бірақ дегенмен ұйымдастырушылардың ол сөздеріне ешкім назар аударған жоқ. Дау одан да ушыға түсті. (...) Сол күні-ақ әлеуметтік желілерде келушілер шығарған шудың мен қалдырып кеткен қоқыстарының суреттері мен видеолар пайда болды", - дейді басылым.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети