20 қаңтар 2020 13:42

Техаста түнгі клубта атыс болды: екі адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

АҚШ-тың Техас штатындағы түнгі клубтардың бірінде атыс болған. Соның салдарынан екі адам қаза тауып, бес адам жарақат алды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі жергілікті полицияның Twitter желісіндегі парақшасына сілтеме жасап. 

Оқиға жексенбіде Сан-Антонио қаласындағы Ventura түнгі клубында концерт кезінде болған. 

"Клубта екі топ ерегесіп, арасынан біреуі тапанша алып шығып ата бастаған. Бір адам оқиға орнында қаза тапты, екіншісі ауруханада қайтыс болған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер клубтың тұрақты келушілері болған", - дейді қалалық полиция басшысы Уилльям Макманус.

Полицейлер қазіргі уақытта күдіктіні іздестіріп жатыр, ол оқиға орнынан қашып кеткен. Тергеу жүріп жатыр.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети