20 шілде 2016 15:33

Telegraph журналисі: Түркияда тағы бір толыққанды төңкеріс болып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© blogspot.com © blogspot.com

Түркияда тағы бір төңкеріс болып жатыр: бұл жолы мемлекет басшысы Режеп Тайып Ердоғанды жақтаушы саясаткерлер оған қарсы адамдарға қарсы саясат жүргізуде, - деп хабарлайды The Telegraph.


Түркияда тағы бір төңкеріс болып жатыр: бұл жолы мемлекет басшысы Режеп Тайып Ердоғанды жақтаушы саясаткерлер оған қарсы адамдарға қарсы саясат жүргізуде, - деп хабарлайды The Telegraph.

"Өткен аптада наразы болған офицерлердің мемлекеттік төңкеріс жасау әрекеті іске аспағанымен, елде жаңа бір төңкеріс жүруде. Бұл кезекте енді Ердоған жақтаушлары өздеріне қарсы оппоненттеріне бағыттап отыр, яғни президенттің ел басқаруын авторитарлық режимге өзгертіп жатыр", - деп жазады мақаланың авторы, қорғаныс және халықаралық қатынастар маманы Кона Кофлин.

Оның сөзіне қарағанда, егер осы режимде қала беретін болса НАТО Түркияны өз құрамынан шығаруға тура келеді: түрік президенті әскери альянсқа ешқандай таңдау құқығын бермеей отыр.

"НАТО үшін Түркияның ролі ерекше. Бірақ соған қарамастан, НАТО құрамындағы көптеген еуропалық лидерлер түрік президентіне наразы. Ердоғанның Сириялық ислами-радикалдармен байланысты деген қаупі ешқайда кеткен жоқ. Егер Ердоған Иран стилінде Түркияны ислами мемлекетке айналдыру ойынан қайтса, барлығына жақсы болар еді", - деп жазады Кофлин.

Еске салайық, 15 шілдеде Түркияда әскерилер мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттенді. Атыстар туралы бірінші хабар Астана уақыты бойынша 01.00-де жеткен. Ал сенбіде түрік премьері бүлік шығарғандардың ұсталғанын мәлімдеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети