Тимошенко әлем көшбасшыларынан әскери көмек сұрады

14 Сәуір 2014, 20:15
0
Тимошенко әлем көшбасшыларынан әскери көмек сұрады - Юлия Тимошенко. Фото ©REUTERS
Юлия Тимошенко. Фото ©REUTERS

Украинаның "Батькивщина" партиясының лидері, Украина президенттігінен үміткер  Юлия Тимошенко әлем көшбасшыларынан әскери көмек сұрады, -  деп хабарлайды Tengrinews.kz саясаткердің ресми сайтына сілтеме жасай отырып.

"Бүгінде біздің отанымызға қауіп-қатер төніп, Украина тәуелсіздігінен айрылудың алдында тұр. Украинаның ішкі саясатына араласу қажеттілігі туындауда. Қазір елдің шығысында украиндық емес, керісінше, қаруланған орыс әскері әрекет етуде. Нақтысында Укринада соғыс жарияланды. Мен ең соңына дейін "орын алған жағдайды бейбіт түрде шешуге болады" деп үміттендім. Бірақ қазір бұл мүмкіндіктер жоғалды. Оларды біз тоқтатпасақ өздері тоқтамайды" - дейді Тимошенко.

"Сондықтан Украинадағы бір партияның басшысы ретінде антитерролық әрекетке қарсы қару қолдануды дұрыс деп санаймын. Ресейдің агрессиясына осылай жауап беретін кез келді. Біз әлемге өзімізді қорғай алатынымызды көрсетуіміз керек. Мен барлық мемлекеттің көшбасшыларынан Ресейге қарсы санкцияның үшінші кезеңін жариялауды сұраймын. Сондай-ақ мен әлем көшбасшыларынан өзінің тәуелсіздігі үшін күресетін Украина халқына әскери көмек көрсетуін өтінемін" - деді Тимощенко өз мәлімдемесінде.

Бұған дейін Украинаның ұлттық қауіпсіздік кеңесі антитерролық әрекетке қарсы шара қолданатындықтарын мәлімдеген болатын. Украина президентінің міндетін атқарушы Александр Турчинов өзінің халыққа үндеуінде "елімізге қарсы қару қолданып, қарсылық көрсеткендер жазасыз қалмайды, оларға жауапкершілік жүктеледі" деген  болатын. Сондай-ақ ол Украина халқын арандатушылыққа жол бермеуге, азаматтық қарсылық шараларынан қалыс қалуға, бастысы бірігуге шақырған еді.  


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай