26 қаңтар 2020 09:29

Тоқаев Қытайда пайда болған коронавирустың таралуына жол бермеу жөнінде нақты тапсырма берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке Қытайда пайда болған коронавирустың таралуына жол бермеу жөнінде нақты тапсырма берді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 


Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке Қытайда пайда болған коронавирустың таралуына жол бермеу жөнінде нақты тапсырма берді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

"Үкіметке Қытайда пайда болған коронавирустың Қазақстан аумағына таралуына жол бермеу жөнінде нақты ұйымдастыру шараларын қабылдау тапсырылды", - деп жазды Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында. 

Айта кетейік, Хубэй провинциясында 13 адам қайтыс болған және 323 адам ауру жұқтырған. Осыған дейін 41 адамның қайтыс болғаны және 1 372 адамның осы ауру түріне шалдыққаны айтылды. 

Ухань провинциясында белгісіз пневмонияның таралып жатқаны туралы 31 желтоқсанда белгілі болды. Мамандардың мәліметінше, коронавирустың жаңа қоздырғышына 2019-nCoV атауы берілген. 

Алғашқы науқастар теңіз өнімдері базарымен қатысы болды, болжаммен Қытайда жиі тамаққа қосылатын жыландар болуы мүмкін. Кейін вирус адамнан адамға жұғатыны белгілі болды. Қытайда шыққан ауру түрін жұқтыру деректері мына елдерде байқалған: Гонконгта - бес, Макао - екі, Тайваньда - үш, Таиландта (екі науқас жазылып шықты) - төрт, Жапонияда (бір науқас жазылып шықты) - екі, Оңтүстік Кореяда - екі, АҚШ - екі, Вьетнам - үш, Сингапур - 3, Непал - 1, Франция - 2, Аустралияда бір адам тіркелді.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети