21 маусым 2021 11:08

Токиодағы Олимпиада қатысушылары арасында алғашқы COVID-19 жағдайы тіркелді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

@Reuters @Reuters

Токиодағы Олимпиада қатысушылары арасында ПТР-сынамасы арқылы расталған алғашқы коронавирус жағдайы анықталды, - деп хабарлайды Reuters.


Токиодағы Олимпиада қатысушылары арасында ПТР-сынамасы арқылы расталған алғашқы коронавирус жағдайы анықталды, - деп хабарлайды Reuters.

Уганданың бокстан Олимпиада құрамасының мүшесі COVID-19-ға сынама тапсырғанда оң нәтиже көрсеткен. Бұл шетелдік құрама мүшесінен инфекция анықталған бірінші жағдай. Токиода өтетін Олимпиада қатысушыларына сынама тапсыру міндетті саналады.

© REUTERS

Угандалық спортшы екі рет сынама тапсырып, екеуі де оң нәтиже көрсеткеннен кейін оқшауға алынған. Кейін Угандадан келген тоғыз спортшының бәрі AstraZeneca вакцинасын алғаны және бортқа отырар алдында ПТР-сынамасы теріс нәтиже көрсеткені анықталды.

Айта кетейік, Токио Олимпиадасы 2020 жылдың 24 шілдесі мен 9 тамызы аралығында өтуі керек еді. Пандемияға байланысты жарыстар бір жылға кейінге қалды және қазір 2021 жылдың 23 шілдесі мен 8 тамызы аралығында өтеді. Ұйымдастырушылар олипиаданы шетелдік жанкүйерсіз өткізуге және жарыстарды көруге арналған аймақтарды ұйымдастырудан бас тартты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети