Төңкеріс жасау әрекеті Түркияны 100 миллиард доллар шығынға ұшыратты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Төңкеріс жасау әрекеті Түркияны 100 миллиард доллар шығынға ұшыратты © REUTERS

Іске аспаған әскери төңкеріс Түркия экономикасына 100 миллиард доллар шығын алып келген, - деп хабарлайды Lenta.ru түркиялық Hurriyet басылымына сілтеме жасап. Бұл туралы кеден және сауда министрі Бюлент Тюфекчи (Bülent Tüfenkci) мәлімдеді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Іске аспаған әскери төңкеріс Түркия экономикасына 100 миллиард доллар шығын алып келген, - деп хабарлайды Lenta.ru түркиялық Hurriyet басылымына сілтеме жасап. Бұл туралы кеден және сауда министрі Бюлент Тюфекчи (Bülent Tüfenkci) мәлімдеді.

Анкарада баспасөз конференциясында сөз сөйлеген министр: "Барлық ұшақтың, тікұшақтардың, қарудың, жарылғыш заттардың және ғимараттардың (төңкеріс кезінде жойылған немесе қираған) құны біздің алдын ала есебіміз бойынша - 300 миллиард лирді (шамамен 100 миллиард доллар - Авт.) құрады". 

Тюфекчидің айтуынша, егжей-тегжейлі қарау барысында бұл сома ұлғаюы мүмкін. "Бұл бізге қиындықтар туғызады. Мысалы, қастандық жасаушылардың кесірінен өкінішке орай, біздің елдің беделі үшінші әлем елдеріне айналды. Көшеден танкілерді көрген және парламенті бомбаның астында қалғанын көрген адамдар Түркияға келмейді", - деді министр.

Еске салайық, 15 шілдеде Түркияда әскерилер мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттенді. Атыстар туралы бірінші хабар Астана уақыты бойынша 01.00-де жеткен. Халықаралық агенттіктердің мәліметінше, Анкарада атыстар естілген, қала үстінде жойғыш ұшақтар мен тікұшақтар ұшып жүр, ал Ыстамбұлдағы әуежайға танктер жеткізілген. Елде мемлекеттік телеарнарал хабар таратуын тоқтатты. Анкарада Facebook және Twitter әлеуметтік желілері құлыпталды. 

Кейіннен Ердоған FaceTime арқылы халыққа үндеу жасап, адамдар көшеге шыққан еді. Түрік Президенті әскери төңкерілісті ұйымдастырғандарды қатаң жазалауға уәде берген болатын. Ыстамбұл мен Анкара қалаларында көтерілісшілерді санамағанда 246 Түркия азаматы қаза тапты және екі мыңға жуық адам зардап шеккен.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети