Трамп АҚШ-та төтенше жағдай жариялауға дайындық үстінде

15 Ақпан, 13:16
0
Трамп АҚШ-та төтенше жағдай жариялауға дайындық үстінде - © Фото REUTERS
© Фото REUTERS

АҚШ президенті Дональд Трамп елде төтенше жағдай жариялауды жоспарлап жатыр, ол конгрестің рұқсатынсыз Мексика шекарасына қорған тұрғызу үшін қосымша қаражыландыру жасамақ, - деп хабарлайды Reuters.

Келісілген бюджет қаражаты - 1,37 миллиард доллар, қорған мен қауіпсіздікке арналған құралдарға жұмсалады.  Бірақ оның ішінде нақты қорған салуға қаражат есептелмеген.

"Трамп осы заңға қол қояды, оған қоса ол төтенше жағдай енгізеді", - деді Ақ үйдің баспасөз хатшысы Сара Сандерс.

Трамптың осы шешімі сотта қаралып, нәтижесінде төтенше жағдайды болдырмауы мүмкін. Осылайша, Трамп төтенше жағдайды енгізсе, оның конгресс мүшелерімен қарым-қатынасы одан әрі суып кетуі мүмкін. Әкімшіліктегі жоғары лауазымды дереккөздері қорған салуға 7 миллиард доллар қаржы табылғанын айтты. Трамп төтенше жағдай енгізсе қосымша 7 миллиард долларды әскери бағдарламаға бөлінген қаражаттан алуы мүмкін. Бұл қаражат қорған салуға есептелген 23 миллиардтың бір бөлігі ғана. Мексиканың шекарасында салынатын қорғанның ұзындығы 3 200 шақырым болады деп жоспарланған.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай