05 қазан 2020 09:18

Трамп COVID-19 тестінің алғашқы нәтижесін жасырған - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

АҚШ президенті Дональд Трамп COVID-19 тестінің алғашқы оң нәтижесі туралы айтпады, - деп хабарлайды РИА Новости.  


АҚШ президенті Дональд Трамп COVID-19 тестінің алғашқы оң нәтижесі туралы айтпады, - деп хабарлайды РИА Новости.  

1 қазанда Fox News телеарнасындағы эфирінде Трамп кеңесшісі Хоуп Хикс коронавирус жұқтырғаннан кейін тексерістен өткенін хабарлаған. Алайда Wall Street Journal америкалық газеті дереккөздерге сүйеніп, президент коронавирус тестінің нәтижесі оң шыққаны туралы хабарды эфирге дейін білгенін мәлімдеген. Ереже бойынша, Ақ үй қызметкерлеріне коронавирус тестінің екінші, нақты нәтижесі экспресс-тестте ауру анықталғаннан кейін жасалады.   

АҚШ басшысы осымен екінші рет тексерілгенін жасырмады, алайда ол коронавирус тек Хикстен анықталғанын айтқан. Сондай-ақ, газет мәліметінше, Трамп кеңесшілерінің бірінен тесттің нәтижесін жарияламауды сұраған. 

"Ешкімге айтпа", - деген екен Трамп. 

Еске алайық, 2 қазанда АҚШ президенті Дональд Трамптың коронавирус жұқтырғаны белгілі болды.

"Бүгін бірінші ханым екеумізде COVID-19 оң нәтиже көрсетті. Біз карантин мен қалыпқа келу процесін дереу бастаймыз. Біз оны бірге жеңеміз!" - деп жазды Дональд Трамп Twitter-де.

 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети