20 қаңтар 2021 09:08

Трамп қоштасу сөзінде: Бірде-бір соғыс ашпағаныма мақтанамын

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамп қоштасу сөзінде бірде-бір соғыс ашпағанына ерекше мақтанатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамп қоштасу сөзінде бірде-бір соғыс ашпағанына ерекше мақтанатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жалғасы

"Біздің батыл дипломатиямыз бен қағидатты реализміміздің нәтижесінде біз Таяу Шығыстағы бірқатар тарихи бейбіт келісімге қол жеткіздік. Бұған ешкім сенбеді. Мен соңғы онжылдықта ешқандай соғыс ашпаған президент болғаныма мақтанамын", - деді Трамп. 

Сонымен қатар, Трамп ИГИЛ террористері мен "деспотикалық ирандық режимге" қарсы соғысты атап өтті. 

Одан бөлек, АҚШ-тың экс-президенті өзінің президенттігі сәтті болғанын айтты. 

"Біз істеуіміз керек нәрсені істедік, тіпті одан да көп. Бірақ ең алдымен біз ұлы идеяны - Америкада билік халық алдында жауап беертінін растадық", - деді Дональд Трамп. 

Ол Джо Байден әкімшілігінің Американың қауіпсіздігі мен өркендеуін қамтамасыз етудегі табысы үшін тілектес болатынын айтты. 

Еске салайық, АҚШ-тың 46-шы президенті ретінде демократиялық партияның мүшесі Джо Байденнің инаугурациясы 20 қаңтар, сәрсенбіде өтеді деп жоспарланған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети