Трамп Сенаттан импичментке қатысты сот процесін дереу бастауды талап етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Трамп Сенаттан импичментке қатысты сот процесін дереу бастауды талап етті © Reuters

АҚШ президенті Дональд Трамп Сенатта импичмент процесі бойынша сотты дереу өткізуді талап етті. Бұл туралы ол Twitter желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Lenta.ru.

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ президенті Дональд Трамп Сенатта импичмент процесі бойынша сотты дереу өткізуді талап етті. Бұл туралы ол Twitter желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Lenta.ru.

Трамп АҚШ Демократиялық партиясының өкілдері оған төменгі палатадағы сот процесінде заңгер мен куәгерлер шақыруға мүмкіндік бермегенін айтты. "Енді олар Сенатқа сотты қалай өткізу керегін айтқысы келеді", - деп жазды Трамп. 

Ақ үй басшысының айтуынша, демократтарда оның кінәсін дәлелдейтін айғақтар жоқ және ол ешқашан болмайды. Сондықтан ол Сенатта сот процесін дереу бастауды талап етті. 

Айта кетейік, бұған дейін АҚШ өкілдерінің палатасы ел президентінің импичментіне дауыс беріп, оны билігін асыра пайдаланды деп айыптаған. Трамптың импичментін 230 адам қолдаған, 197-сі қарсы болған. 

Енді импичмент мәселесі Сенатта шешіледі. Жоғары палатаның үштен екі бөлігі импичментке дауыс берсе, Трамп отставкаға кетеді. 

"Бұл - масқара". Трамп Зеленскиймен әңгімесінен кейін отставкаға кетуі мүмкін бе?

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети