Трамп "тарихи рекорд сандармен" жеңіске жеткенін мәлімдеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Трамп "тарихи рекорд сандармен" жеңіске жеткенін мәлімдеді Дональд Трамп. Фото: Carlos Barria / Reuters

Халық алдына бір жарым күн шықпаған АҚШ президенті Дональд Трамп мәлімдеме жасады. Трансляцияны YouTube хостингінде USA Today жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Халық алдына бір жарым күн шықпаған АҚШ президенті Дональд Трамп мәлімдеме жасады. Трансляцияны YouTube хостингінде USA Today жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Америка президенті сайлауда "тарихи рекорд сандармен" жеңіске жеткеніне сенімді болды. Оның айтуынша, шын дауыстарды есептесе, онда оның алға шыққаны даусыз.

"Егер сіздер заңсыз дауыстарды есептесеңіз, онда олар (демократтар) бізден сайлауды ұрлауға тырысады. Егер сіздер кеш келген дауыстарды есептесеңіз", - деп түсіндерді Трамп.

5 қараша кешке Трамп президент сайлауында берілген дауыстарды санауды тоқтатуға шақырды.

"Есепті тоқтатыңыз!" - деп жазды ол микроблогында.

Содан соң президент сайлау өткен күннен кейін пошта арқылы келген бюллетендер есепке алынбайтынын жазды. Әлеуметтік желі бұл постты "шатастыратын" пост ретінде белгіледі.

Еске салайық, АҚШ-та ел президенті постына үміткерлерге берілген дауыс әлі есептеліп жатыр. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети