23 қараша 2021 15:14

Трамптың бұрынғы көмекшісі бостандыққа шықты

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

АҚШ экс-президенті Дональд Трамптың бұрынғы жеке адвокаты және көмекшісі Майкл Коэн бостандыққа шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters сайтына сілтеме жасап.


АҚШ экс-президенті Дональд Трамптың бұрынғы жеке адвокаты және көмекшісі Майкл Коэн бостандыққа шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters сайтына сілтеме жасап.

55 жастағы Коэн сайлау науқанын қаржыландыру мен басқа да қылмыстарды бұзғаны үшін ресми түрде үш жыл жазасын өтеді.

Босатылғаннан бірнеше минут өткен соң, Майкл Коэн Twitter-де қолында босатылғаны туралы құжаттарды ұстап тұрған суретін жариялады.

Сот процесінде Коэн 2018 жылдың желтоқсанында сайлау науқанын заңсыз қаржыландырғаны, салық төлеуден жалтарғаны және басқа да құқық бұзушылықтар үшін кінәсін мойындады.

АҚШ тұтқындарына COVID-19-дың әсері болды, бұл Коэннің федералды түрмеден мерзімінен бұрын босатылуына да ықпал етті, онда ол бір жылдан аса отырды. Трамптың бұрынғы адвокаты қалған мерзімін Парк авенюдегі пәтерінде өткізді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети