Ливия астанасында бақылауды өз қолына алуды көздейтін жауласқан күштердің қақтығысы салдарынан қаза тапқандар саны 50-ге жетті. Қаза тапқандардың арасында бейбіт тұрғындар да бар, - деп хабарлайды BBC.

3,4 мыңға жуық адам өз үйлерін тастап кетті немесе құтқарушылардың көмегін ала алмады. Агенттік мәліметінше, әскери қақтығыс аймағынан жараланғандарды құтқаруға тәуекел еткен екі дәрігер қаза тапты.
8 сәуірде фельдмаршал Халифа Хафтардың басшылығымен Ливия ұлттық армиясының күштері Триполидегі қолданыстағы әуежайға зымыраннан соққы жасады. Оның видеосы да жарияланды.
Осыған дейін қақтығыс салдарынан 32 адам қаза тауып, 50 шақты адам зардап шеккені туралы айтылған еді.
Хафтар Триполиді жаулап алу операциясын 4 сәуірде бастаған.
2011 жылы Ливияда азаматтық соғыс басталды. 1969 жылдан бері елді билеп келген Муаммар Кадаффи тақтан кетіп, өлтірілген еді.