Түркия Ауғанстаннан бір де бір босқын қабылдамайды. Бұл туралы Әділет және даму партиясының баспасөз хатшысы Омер Челик мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
Түркия Ауғанстаннан бір де бір босқын қабылдамайды. Бұл туралы Әділет және даму партиясының баспасөз хатшысы Омер Челик мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
"Түркия - босқындар лагері емес. Бізде тіпті бір босқынды (Ауғанстаннан) қабылдауға мүмкіндік жоқ. Біз өзіміз шешім қабылдаймыз. Біз шекарамызды өте мұқият қорғаймыз", - деді Челик журналистерге.
Оның айтуынша, Түркия президенті Тайип Ердоған Ауғанстандағы дағдарыстың жан-жақты шешімін табуды жақтайды.
"Ол қарқынды халықаралық дипломатияны жүргізеді - Ауғанстандағы жағдайды Путинмен, Меркельмен талқылады. Біз "Талибанның" басқаруына өткен Ауғанстандағы адам құқықтары тақырыбын мұқият қадағалаймыз (қозғалыс Қазақстанда террористік деп танылған және тыйым салынған - еск). Ауған халқын жалғыз қалдыруға болмайды, қазір нағыз драма болып жатыр", - деді Челик.
Еске салайық, 15 тамызда "Талибан" қозғалысының содырлары Ауғанстанның астанасы Кабулды басып алып, президент сарайына басып кірді. Ауғанстан президенті Ашраф Ғани елден кетті. Талибан Ауғанстан Ислам Әмірлігін құруға ниет білдірді. Кабул әуежайында дүрбелең басталды - Ауғанстаннан шығудың жалғыз жолы. Мыңдаған адам елден кету үшін, Кабул әуежайындағы әскери ұшаққа жармасты.
Қазақстан Ауғанстаннан келетін студенттерге қандай қолдау көрсете алады?
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!