10 қараша 2016 20:49

Түркия Трамптан Гүленді шұғыл түрде экстрадициялауды сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Түркияның премьер-министрі Бинали Йылдырым Дональд Трампты президент қызметіне келуімен құттықтап, екі елдің қарым-қатынасының саясатын қайта қарайды деп сенетінін айтып өтті, - деп хабарлайды Life.ru.

"Жаңа президентті 15 шілдеде мемлекеттік төңкеріс жасамақшы болған, қазір АҚШ-та тұрып жатқан Фетхуллах Гүленді шұғыл түрде экстрадициялауды ашық түрде сұраймын", - деп мәлімдеді Йылдырым. Сондай-ақ, ол Түркиядағы мемлекеттік төңкеріс әрекетін жасаған адамды экстрадициялаудың екі елдің қарым-қатынасының жаңа кезеңі болатынын атап өтті.

Еске салайық, Анкара елде биыл 16 шілдеге қараған түні төңкеріс әрекетін жасағандардың басы қасында Фетхуллах Гүлен тұр деп есептейді. Ал сол уақытта АҚШ-тың федерал билігі 2000 жылдан бері Пенсильванияда тұрып жатқан уағызшыны беруден бас тартқан еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети