Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Түркияда 75 мыңға жуық қазақстандық болуы мүмкін 07 ақпан 2023, 17:13

Түркияда 75 мыңға жуық қазақстандық болуы мүмкін. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Түркияда 75 мыңға жуық қазақстандық болуы мүмкін. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Түркияда консулдық есепте тұрған 968 Қазақстан азаматы бар. Оның ішінде: Анкарада - 498, Стамбулда - 45, Анталияда - 189.

"Түркияда 8 219 қазақстандық студент білім алып жатыр. Жалпы, Түркия билігінің мәліметінше, бұл елде 75 мыңға жуық Қазақстан азаматы болуы мүмкін", - деді Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.

6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында бірқатар жер сілкінісі болып, Сирияның бірнеше провинциясы да зардап шекті. Ең күшті жер сілкінісінің магнитудасы 7-ден жоғары болды. Табиғи апат салдарынан Түркияда көптеген ғимарат қирады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Join Telegram