Түркия прокуратурасы Ыстамбұл қаласындағы Йылдыз университетінің 103 оқытушысын ұстауға ордер берді, - деп хабарлайды РИА Новости жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.
Түркия прокуратурасы Ыстамбұл қаласындағы Йылдыз университетінің 103 оқытушысын ұстауға ордер берді, - деп хабарлайды РИА Новости жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта Ыстамбұл қаласының Йылдыз университетінде оқытушыларды ұстау шаралары жүргізіліп жатыр. Олар оппозициялық ислам дінін уағыздаушы Феттхулах Гүленмен байланысы бар деген күдікке ілінген.
Еске салайық, 15 шілдеде Түркияда әскерилер мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттенді. Атыстар туралы бірінші хабар Астана уақыты бойынша 01.00-де жеткен. Халықаралық агенттіктердің мәліметінше, Анкарада атыстар естілген, қала үстінде жойғыш ұшақтар мен тікұшақтар ұшып жүр, ал Ыстамбұлдағы әуежайға танктер жеткізілген. Елде мемлекеттік телеарнарал хабар таратуын тоқтатты.
Анкара қаласында бүлікшілер Түркия парламентінің ғимаратына, Türksat ғимаратына, Гёльбаши ауданындағы полиция академиясына әуе соққысын жасаған. Қаза болғандардың арасында әскерилердің де, бейбіт тұрғындардың да бар екендігі айтылады. Оқиғаның хронологиясын мына жерден оқи аласыздар.