09 шілде 2018 09:35

Түркияда жантүршігерлік апат болды: 10 адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркияның солтүстік-батысындағы Текирдаг елді мекенінде Капикуле - Ыстамбұл бағытындағы жолаушылар пойызының бірнеге вагоны рельстен шығып кетіп, аударылған. Апат салдарынан, соңғы мәліметтер бойынша 10 адам қаза тауып, 73-і жарақат алған. Бұл туралы 8 шілдеде "Анадолу" агенттігі хабарлады. 

Оқиға болған Чорлу ауданына жедел жәрдем мен құтқарушылар келіп жеткен. Жарақат алғандарды эвакуациялау үшін техниканың барлық түрі жұмылған. 

Алдын ала мәлімет бойынша, вагондар көп жаңбыр түскеннен кейін басылған топырақтың әсерінен рельстен шығып кеткен. 

"Зардап шеккендер көп. Оқиға орнында жету қиын болғандықтан, ауданға арнайы техника тартылды. Жарақат алғандардың басым бөлігі оқиға орнынан эвакуацияланды. Апат жаңбырдың мол түсуінен болды деген мәлімет бар. Таяуда министрлік оқиғаға қатысты мәлімдеме жасайды", - деді елді мекеннің губернаторы Мехмет Джейлан. 

Түркия билігі төтенше жағдайдан көптеген адамдың қаза тауып, зардап шеккенін растады. Оқиға жайлы ел басшысы Режеп Тайип Ердоғанға баяндалған. 

© aa.com.tr

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети