06 ақпан 2023 10:50

Түркияда жойқын жер сілкінісі болды: қаза тапқандар бар

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

twitter.com/Sam786_science

Түркияның орталығы мен оңтүстік-шығысында, Сириямен шекаралас жерде жойқын жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DW порталына сілтеме жасап.


Түркияның орталығы мен оңтүстік-шығысында, Сириямен шекаралас жерде жойқын жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DW порталына сілтеме жасап.

АҚШ Геологиялық қызметі 7,8 балдық жер сілкінісінің 6 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 04:17-де Газиантеп маңында 17,9 шақырым тереңдікте болғанын хабарлады. Түрік сейсмологтары жер сілкінісінің күшін 7,4 балл деп бағалады.

Жерасты дүмпулері ел астанасы Анкара мен Түркияның басқа қалаларында, сондай-ақ, Сирия мен Ливан сияқты елдің бірнеше аймағында сезілді.

Жерасты дүмпулері Түркияның оңтүстігі мен орталығында сезілді. Негізгі жер сілкінісінен шамамен 11 минут өткен соң, магнитудасы 6,7 болатын жер сілкінісі эпицентрінен солтүстік-батысқа қарай 32 шақырымдай жерде болды. Содан кейін, негізгі жер сілкінісінен 19 минут өткен соң, магнитудасы 5,6 болатын тағы бір дүмпу болды.

Әлеуметтік желіде жарияланған видеода қирап қалған ондаған ғимарат көрінеді. Жергілікті билік Османие провинциясында 5 адам, Санлыурфакс провинциясында 10 адам қаза тапқанын хабарлады.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Twitter парақшасында жер сілкінісінен зардап шеккен аймақтарға дереу іздеу-құтқару топтары жіберілгенін жазды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети