1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Түркияда коменданттық сағат аяқталды28 мамыр 2020, 13:44

© РИА Новости © РИА Новости

Түркияда коменданттық сағат аяқталды, - деп хабарлайды "Хабар 24".

Бірақ барлық тұрғынға емес. Елде 20-дан асқан және 65 жасқа дейінгілер көшеге шыға алады.

Ел билігі бұл сақтық шараларының Ораза айттан кейін жеңілдейтінін мәлімдеген еді. Дегенмен үкімет сыртқа шығуға арналған шектеуді алып тастауға асықпай отыр.

Алғаш рет Ораза айт мейрамын үйлерінде карантиндік жағдайда тойлаған түрік жұртшылығы төрт күн араға салып көшеге шықты. Тұрғындардың біреуі жұмысқа, екіншісі азық- түлік дүкендеріне, үшіншісі таза ауа жұту үшін саябақтарға шықса, қалған бөлігі түрлі себептермен тысқа бет алды. Қазір біз Анкараның қақ ортасында орналасқан сәрсенбілік көкөніс базарына келіп тұрмыз. Түркиядағы қоғамдық жерлерде, соның ішінде халықтың ең көп жүретін базарларында бетперде тағу міндетті. Бұл жерлерге бетпердесіз кірудің өзі мүмкін емес. Базар қақпаларында арнайы бақылау қызметкерлері күзетте тұрады дейді.

"Қоғамдық жерлерде бетпердесіз жүрген азаматтарды міндетті түрде ескертеміз. үшін, мұрнын өзі үшін жауып жүргені жөн", - дейді жергілікті тұрғын Айтүл Акан.

Телеарна тілшісінің айтуынша, Түркияда бетперделерді тек қана дәріханалар мен сатуға рұқсат етілген жерлерде ғана алуға рұқсат.

"Ондағы медициналық тұмшалар белгілі стандартта болуы тиіс. Менің қолымдағы бетперде де дәріханадан алынған. Үш қабатты. Матасы да жақсы. Халықтың көпшілігі осы маска түрін қолданады. Сондай-ақ ел үкіметі жақында ғана жууға болатын маскаларды тағуға рұқсат етіп, жергілікті кәсіпорындарды өндіруге шақырды", - дейді тілші.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Еуро бағамы 500 теңгеден асты